Еуропалық университеттердің Эрасмус Мундус концорциумы туралы

ҚазҰТУ Еуропалық университеттердің Эрасмус Мундус концорциумына 2007 жылы қыркүйек айында кірді. Концорциумды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның бас үйлестірушісі Эйндохвен технологиялық университеті (Нидерланды) болып табылады. Концорциумның еуропалық әріптестері –7 елдің 8 университеті (Германия, Швеция, Испания, Португалия, Словения, Румыния және Түркия).
Олар:

  1. Орталық шығыс техникалық университеті;
  2. Берлин Фрейс университеті;
  3. Лунд университеті - Швеция;
  4. Дэусто университеті - Испания;
  5. Люблян университеті - Словения;
  6. Альграф университеті - Португалия;
  7. Бухарест университеті - Румыния;
  8. Гумбольдт атындағы Берлин универсиеті - Германия.
Қазақстан жағынан әріптестер:
  1. ҚазҰТУ;
  2. Қазақстан менеджмент, экономика,және жоспарлау ин-ты;
  3. ҚазЭУ;
  4. ҚарМУ;
  5. ЕурҰУ;
  6. ХҚТУ.
Жоба 2011 дейін 3 жылға есептелген.
Жобаның мақсаты: Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында жоғары білім саласында ынтымақтастықты, өзара түсінушілікті жақсарту, мамандармен, студенттермен, білім және ғылым жетістіктерімен алмасу.
Аталған жобаны жүзеге асырудың жайын бағалау және студенттерді, ПОҚ-ты біржолата іріктеу, 2007-2008 оқу жылында оқытып, тәжірибе алмасу үшін жоғарыда аталған әріптестер Алматыға келді. Концорциумға қатысушылар басшылықпен, ПОҚ кездесті. Концорциумның жаңа жоспарлары жөнінде әңгімеледі.
2008 жылға арналған жобаның жаңа циклы наурыз айында басталады.
Концорциум туралы барлық материалдар мен ақпараттарды,еуропа жоо-әріптестерінен яғни мына сайттардан көріп, оқый аласыздар:

www.tue.nl/stu, http://www.tue.nl/stu/en, www.chem.tue.nl.

Бағдарламаға қатысу жөнінде толыққанды ақпарат (ағылшын тілінде):

http://eacea.ec.europa.eu/extcoop/call/documents/ext_coop.pdf

Бағдарлама мен тапсырыс беру процесін толыққанды мына мекен-жайдан табасыз:
http://eacea.ec.europa.eu/extcoop, e-mail: EACEA-EM-EXTCOOP@ec.europa.eu.
Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, профессорлық-оқытушылар құрамын Концорциум сайтына жиі үңіліп, конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Вы 22531519-й посетитель.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016