«Самғау-2008»!

ҚазҰТУ-ды бітірушілердің ішіндегі үздік оқып шыққандарға арналған арнайы «Самғау» фестивалі жуырда Студенттер коллизейі мен Тау-кен институтында болды. Оның мақсаты–тер төгіп, жақсы оқып шыққандарды марапаттау, тиісті көтермелеу шараларын жасау. Биыл университетті 4436 студент бітірді. Бес жыл оқып инженер мамандығын алғандар саны–1764, 4 жылдық бакалавариатты бітіргендер–2671 адам. Жыл сайын үздіктердің қатары көбейіп келеді. Өткен жылы 427 студент қызыл диплом алса, биыл оның қатары 800-ден асып отыр. Осыншама адам ҚазҰТУ «Алтын кітабына» енгізілді.

Жақсы оқығандар арасында білімімен емес, қоғамдық жұмысқа белсенді араласқандар, спорт жарыстарында талай мәрте жүлде алғандар да бар. 52 бітіруші спорттағы жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл қыз-жігіттер салауатты да мағыналы өмірді мансұқтайтындар. Құрмет иелерін университет ректоры Ж. Әділев құттықтап оларға сыйлықтар табыс етті және болашақ өмірлеріне ақ тілегін білдірді.

Маңызды шара жастардың түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің өнерлерімен ұласты.

Вы 23547134-й посетитель.
Powered by Drupal
Copyright © KazNRTU, 2007-2016